ПОДЕЛИТЬСЯ
02 желтоқсан 2021 | 09:25
Назарбаев Горбачев пен Ельциннің арасындағы текетірес туралы айтты
Нұрсұлтан Назарбаев "QAZAQ: История Золотого человека" фильміне берген сұхбатында Михаил Горбачев пен Борис Ельциннің текетіресін еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұрсұлтан Назарбаев "QAZAQ: История Золотого человека" фильміне берген сұхбатында Михаил Горбачев пен Борис Ельциннің текетіресін еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елбасы КСРО-ның ыдырауы туралы естеліктерін бөлісті.
"Горбачев менен 10 жас үлкен болды, бірақ бір буыннанбыз. Бір саяси тәрбиені көрдік. Бір-бірімізді білетінбіз. Бір жүйеден шықтық. Бір қызығы, Ельцин де менімен дос болғысы келген. Онымен өте жақсы сөйлестік. Мен олардың текетіресіне куә болдым және татуластыруға тырыстым".
"Кеңес Одағы ыдыраған сәттердің бірі. Ельцин Горбачевтің шақыруымен Мәскеуге барды. КОКП Орталық Комитетінің хатшысы. Бірақ ол Саяси бюроның мүшесі боламын деп ойлады. Бірақ Горбачев оны сайлаған жоқ. Бұл оған қатты тиді", - деп еске алды Нұрсұлтан Назарбаев.
"Оның наразылығын оппозиция пайдаланып, Ельцинді Горбачевтан "алшақтата" бастады".
"Мен олардың текетіресіне куә болдым. Горбачевтің кабинетінде отыр едім, Ельцин кіріп келді. Олар қатты-қатты сөйлесе бастады. Ыңғайсыз болды. Ельцин: "Мен сенің орныңа отырамын". Мен орнымнан тұрып, шығып кетпек болдым. Горбачев, отыр деді. Ол (Горбачев) "Мен президент болып тұрғанда ма" деді. Ал Ельцин: "Иә. Әзірге". Кейін ол кетіп қалды. Ельциннің көзін өшпенділік басып кетті. Оның бір ғана арманы бар еді - Горбачевты шығару".
Нұрсұлтан Назарбаевтың "QAZAQ: История Золотого человека" атты сегіз бөлімді фильмі танымал америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатына негізделген. 1 желтоқсанда республикалық телеарналар эфирінде картинаның көрсетілімі басталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также