Назарбаевтың алдында сөз сөйлеген 7 баланың анасы пәтер алды

25 Қаңтар, 14:29
1
Назарбаевтың алдында сөз сөйлеген 7 баланың анасы пәтер алды - Сурет Түркістан облысы әкімі баспасөз қыметінен
Сурет Түркістан облысы әкімі баспасөз қыметінен

Көпбалалы ана Жазира Тұрғынова Түркістан облысы Леңгір қаласында төрт бөлмелі пәтердің иесі атанды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев көпбалалы жас ана Жазира Тұрғынованы қабылдады.

"Таяуда ғана Жазира жастар форумына қатысып, Мемлекет басшысымен кездесті. Біз Жазираны әдейі жібердік. Жеті баланы тәрбиелеп, өсірудің өзі - ерлік, үлкен даңқ және сый. Адамдық капитал - еліміздің басты байлығы. Біз көпбалалық аналарды мысал етіп, үлгі тұтуымыз қажет. Мен мұндай отбасыларды жақсы түсінемін", - деді әкім.

Ол Түркістан облысы адам санының ұлғаюйы бойынша елімізде көшбасшы өңір екенін атап өтті. Облыста 134 мың көпбалалы ана тұрады екен. Оның 51 мыңы "Алтын алқа" және "Күміс алқа" белгілерін алған.

"Жас қыздар батыр аналардан үлгі алуы керек, себебі олар еліміздің демографисына айтарлықтай үлес қосып жатыр. Сіз балаларыңызға жақсы тәрбие беретініңізге сенімдімін және олар Қазақстанның нағыз патриоты боларына сенемін. "Жастар жылы" осылай басталғаны қуанышты. Мықты денсаулық, отбасылық бақыт тілеймін", - деді Түймебаев.

Сонымен қатар, облыс әкімі отбасының отағасы білім алуы және жұмысқа орналасуы бойынша қосымша арнайы қолдау жасалатынын айтты. 

Жазира Тұрғынова өңір басшысына алғыс білдіріп, барлық жастарды бала санының көбеюі үшін атсалысуға шақырды. 

Айта кетейік, Жазира Түркістан облысындағы Төле би ауданында тұрады. 27 жасында ол жеті баланың анасы атанып үлгерді. Оның үш қыз және төрт баласы бар. Үлкені 11-де, ең кішісі - жеті айлық. 

Былтыр Түркістан облысының халық саны 3,5 мың адамға өсті. 

Айта кетейік, Жазира Тұрғынова 23 қаңтарда Жастар жылы ашылу салтанатында сөз сөйледі. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай