Назарбаевтың құрметіне арналған коллекциялық iPhone шықты

Назарбаевтың құрметіне арналған коллекциялық iPhone шықты © Caviar баспасөз қызметі

Зергерлік Caviar бренді Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне арнап коллекциялық iPhone жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Smart Luxury Group Ltd баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл телефон Нұрсұлтан Әбішұлының мерейтойына арналып отыр. Оның сыртында оюлар өрнектеліп, еліміздің елтаңбасы бейнеленген. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының кескіні мен алтынмен жазылған қолтаңбасы бар.

Реклама
Реклама

"Элементтердің барлығы италиялық техникамен және қымбат металлдармен қолдан жасалған. Телефонды өндірушілер Нұрсұлтан Назарбаев адами ұлылықта сирек кездесетін тұлға деп отыр", - делінген өндіруші кәсіпорынның хабарламасында.

Айта кетейік, ерекше "мерейтойлық" шығарылымға өндірушілердің ресми сайты арқылы қол жеткізуге болады.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news10
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама