Назарбаевтың құрметіне арналған коллекциялық iPhone шықты

Назарбаевтың құрметіне арналған коллекциялық iPhone шықты © Caviar баспасөз қызметі

Зергерлік Caviar бренді Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне арнап коллекциялық&nbspiPhone жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі&nbspSmart Luxury Group Ltd баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл телефон Нұрсұлтан Әбішұлының мерейтойына арналып отыр. Оның сыртында оюлар өрнектеліп, еліміздің елтаңбасы бейнеленген. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының кескіні мен алтынмен жазылған қолтаңбасы бар.

Жарнама
Жарнама

"Элементтердің барлығы италиялық техникамен және қымбат металлдармен қолдан жасалған. Телефонды өндірушілер Нұрсұлтан Назарбаев адами ұлылықта сирек кездесетін тұлға деп отыр", - делінген өндіруші кәсіпорынның хабарламасында.

Айта кетейік, ерекше "мерейтойлық" шығарылымға өндірушілердің ресми сайты арқылы қол жеткізуге болады.

&nbsp
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама