Непал тұрғыны басын аяқпен тебуден рекорд жаңартты

© Caters News

Непал тұрғыны басын аяқпен тебуден Гиннестің рекордтар кітабына кірді, - деп хабарлайды New York Post. Ол өзін бір минуттың ішінде 134 рет тепті.

Рекордты жаңартқан Пускар Непалдың айтуынша, Гиннестің рекордтар кітабына кіру үшін ол күніне бірнеше сағаттан жаттыққан. "Менің рекордтар кітабына енгім келді. Бірнеше жыл бұрын маңдайдан тебу деген категорияның бар екенін білдім. Мен сол жолды таңдап, нәтижеге жетуге ұмтылдым", - деді жасөспірім. Оның айтуынша, ол жаттығудың арқасында маңдайдан екі аяқпен тебуді үйренген.

"Тәжірибе ауыр болды. Рекордты жаңартқанға дейін денем икемді болу үшін сегіз, тоғыз ай дайындалдым", - дейді ол. Оның сөзіне қарағанда, бастан былайша тебу оның денсаулығына кері әсер етпеген.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейінгі рекорд ағылшын Джоэль Лейендекерге тиесілі. Ол өзін 124 рет тепті.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама