Нидерланды премьері парламентте кофе төгіп алып, еденді өзі жуды

© Twitter

Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте парламент ?имаратында кофе т?гіп алып, был?а?ан жерін ?зі тазалады. 51 жаста?ы саясаткер ?олына еденжу?ыш ??ралды алып, тап-т?йна?тай етіп еден мен турникетті с?ртті. Осы жа?дай?а Т?ркияда?ы голландиялы? елші Кис ван Бек ку?гер болды. Ол ?зі т?сірген видеоны Twitter желісіндегі пара?шасында жариялады. 

Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте парламент ғимаратында кофе төгіп алып, былғаған жерін өзі тазалады. 51 жастағы саясаткер қолына еденжуғыш құралды алып, тап-тұйнақтай етіп еден мен турникетті сүртті. Осы жағдайға Түркиядағы голландиялық елші Кис ван Бек куәгер болды. Ол өзі түсірген видеоны Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. 

Видео авторы ғимаратты тазалаушы қызметшілердің таңданысын және премьердің әрекетіне риза болған әйелдердің қол шапалақтаған сәтін түсіріп алған. 

Реклама
Реклама

Кейбір пікір қалдырушылар оның ісін "жарнама" деп жазды. Алайда дипломат Марк Рюттенің "шын мәнінде сондай адам" екенін түсіндірді. "Мен оның бірнеше рет Гаагада велосипедпен жүргенін көрдім", - деп жазды ван Бек. 

Сондай-ақ ол Нидерланды премьер-министрі жайлы былай деп жазды: "Оның саясаткер болуына қарамастан, ол тым жақсы әрі қарапайым". 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама