ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қаңтар 2020 | 09:42
Нұр-Сұлтанда 15 көліктен тұратын кортеж қатысушылары жазаланды
Нұр-Сұлтан полициясы "қара" кортеж мүшелерін әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан полициясы "қара" кортеж мүшелерін әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"5 қаңтарда Instagram желісінде әкімшілік тәртіп бұзу дерегінің видеосы пайда болды, онда қара түсті KIA автокөлігінің жүргізушісі "Хан Шатыр" СОО тұрағынан 15 автокөліктің кедергісіз шығу мақсатында Тұран даңғылының жүру бөлігін жауып тастаған. Полиция қызметкерлері бұл бейнежазбаны зерттеп, кортежге қатысушыларды анықтау бойынша шаралар қабылдады", - деді елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
15 жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 614-бабы, 1-бөлігі және 590-бабы, 5-бөлімі, 10-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.
"KIA автокөлігінің 1992 жылғы жүргізушісі Мубараков Ташбулатхон Марифхажанұлы бұрындары да жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған және "Сергек" камералары да түсірген", - делінген хабарламада.
Полиция өкілдері кортежге қатысушылардың барлығының автокөліктері коммуналдық тұраққа қамалғанын айтылады.
Показать комментарии
Читайте также