ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қыркүйек 2019 | 10:48
Нұр-Сұлтанда адасып кеткен балаға автобус жүргізушісі көмектесті
Елордада бастауыш сынып оқушысы шатастырып басқа автобусқа мініп адасып кеткен, оны дер кезінде байқаған автобус жүргізушісі құзырлы мекемелерге хабарласқан, - деп хабарлады Елорда Инфо.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елордада бастауыш сынып оқушысы шатастырып басқа автобусқа мініп адасып кеткен, оны дер кезінде байқаған автобус жүргізушісі құзырлы мекемелерге хабарласқан, - деп хабарлады Елорда Инфо.
"Екінші сынып оқушысы адасып кеткен. Бала шатасып, басқа автобусқа отырған. Жүргізуші оны байқап, көлік бақылау департаментінің (КБД) инспекторына хабарлады. Бала нақты мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін білмеген. КБД қызметкері полицияның тірек пунктіне жүгінді. "102" пультіне оның ата-анасы хабарласқан, жедел-тергеу тобын күте отырып, біздің қызметкер баланы анасына тапсырды", - делінген "Астана LRT" ЖШС таратқан ақпаратта.
Осыған орай аталған компания ата-аналарға мұндай жағдайларда бала барлық қажетті ақпаратты білуі керектігін ескертеді.
"Егер бала мектепке қоғамдық көлікпен барса, онда ол ата-анасының аты-жөнін, олардың байланыс нөмірлерін, үй мекенжайын, аялдаманың атауын және өз бағдарының нөмірін жатқа білгені маңызды", - деп хабарлайды Астана LRT.
Показать комментарии
Читайте также