20 қазан 2020 | 09:28

Нұр-Сұлтанда көлік капотында сүйісіп тұрған жастар полицияға жеткізілді

Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда жігіт пен қыздың көлік капотында сүйісіп тұрғаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда жігіт пен қыздың көлік капотында сүйісіп тұрғаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл роликті көлік иесі түсірген болып шықты. Олардың бұл әрекеті көлік иесіне ұнамаған. Сондықтан ол полиция шақырған екен. Ал видеодағы қыз полиция шақыртқан адамнан кек алу үшін оның көлігінің терезесін соғып кеткен.

Реклама
Реклама

Қалалық полиция өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"16 қазанда полицияға тұрғыннан "Алматы" бизнес-орталығы маңындағы Иманов көшесінің бойында жастар бөтен қылық көрсетіп, көліктің капотына сүйеніп тұрғаны туралы қоңырау түсті. Полиция оқиға орнына барды. Бұл жағдай расталды. Іс жүргізу үшін жастар учаскелік полиция пунктіне жеткізілді. 30 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы құрбысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді полициядағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная