29 қыркүйек 2020 17:22

Нұр-Сұлтанда көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізушінің видеосы пайда болды

Нұр-Сұлтанда көләкті мас күйінде тізгіндеп келе жатқан жүргізушінің видеосы пайда болды. Ол 20 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

28 қыркүйек сағат 16:00 шамасында Toyota Highlander маркалы көлігінің Момышұлы-Жұмабаев көшелерінде жол ережесін бұзғаны туралы бірнеше хабар түскен. 

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нұр-Сұлтан қ. ПД (@police_nur_sultan) 29 Сен 2020 в 3:13 PDT

"Көлікті мас күйінде айдаған 24 жастағы жүргізуші Абылай хан көшесінде ұсталды. Оның көлік жүргізу куәлігі болмаған", - делінген хабарламада. 

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша және 599-бабының 1-бөлігі бойынша бірнеше әкімшілік іс қозғалды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бұйрығымен жүргізуші 20 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram