Нью-Йорк тұрғыны ерекше шаш үлгісімен рекордтар кітабына енді

Фото:guinnessworldrecords.com

Нью-Йоркт тұрғыны Симона Уильямс шаш үлгісінің көлемі бойынша Гиннестің әлемдік рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

Нью-Йоркт тұрғыны Симона Уильямс шаш үлгісінің көлемі бойынша Гиннестің әлемдік рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

Қыздың африкалық шаш үлгісі ресми түрде әлемдегі ең үлкен болып танылды. Оның биіктігі 20,5 сантиметр, ені 22,5 сантиметр, ал айналдыра 1,48 метрді көрсеткен. Уильямсқа шаштарын осындай көлемге дейін өсіру үшін тоғыз жыл қажет болған.

Реклама
Реклама

"Мен шамамен 23 жасымда табиғи шашымды өсіремін деп ұйғардым. Бұл алғашында пәтеріме көшу үшін шаштаразға жұмсалатын ақшаны үнемдеуім арқылы шығындарды азайтудан басталды", - деді рекордшы.

Ол шашын сульфатсыз сусабындармен жуып, кондиционерді көп қолданады екен. Ал шашы шатасып қалмауы үшін, оны 8 кішкентай бөлікке бөліп, олар өзі кепкенше күтеді.

© guinnessworldrecords.com

"Шашымды ретке келтірсем, ол үлкен әрі сәнді болып шыға келеді, көбінің көзіне түсемін, адамдар жағымды пікір айтады. Мұндай шаш үлгісі - менің кім екенімді көрсетеді. Көптеген жыл бойы қара нәсілді әйелдер бостандық символы ретінде осындай афромен жүрген, мен де үйден табиғи шашыммен шыққан кезде еркіндік пен сенімдікті сеземін", - дейді Уильямс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама