Нью-Йорктегі қазақстандықтар "Борат-2" фильміне қарсы митингіге шықты

© instagram.com/dimash.niyazov

Нью-Йорктегі қазақстандықтар "Борат-2" фильміне қарсы митингіге шықты. Желіде митинг кезіндегі видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нью-Йорктегі қазақстандықтар "Борат-2" фильміне қарсы митингіге шықты. Желіде митинг кезіндегі видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Митинг Нью-Йорктің адам көп жүретін жері - Times Square-де болды. Ұйымдастырушылардың бірі, америкалық қазақ полицейі Димаш Ниязов Instagram желісіндегі парақшасында суретін бөлісті.  

Реклама
Реклама

"Түсінемін, елде проблема көп. Кез келген елде проблема бар. Бірақ алға қадам басу арқылы біз оны шеше аламыз", - деді Димаш. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash⚡️Niyazov (@dimash.niyazov) 12 Окт 2020 в 3:08 PDT

Димаш Ниязов Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында бейбіт митинг ойдағыдай өткенін айтты.  

"Өтіп бара жатқан көп адам бастапқыда не болып жатқанын түсінбеді. Олар бұл жай кино деп ойлады, бірақ олар неге қарсы шығып жатқанымызды түсінбеді. Көбі келіп, сұрап, суретке түсіп жатты, біз оларға бұл фильм біздің елімізді, мәдениетімізді халқымызды төмен етіп көрсеткенін түсіндірдік. Олар "Борат" фейк екенін түсініп, бізді қолдады. Жалпы митинг позитив әсер қалдырды деп ойлаймын", - дейді Димаш Ниязов.  

Нью-Йоркте тұрып жатқан қазақстандық Абзал Бекенов митинг кезіндегі видеоны бөлісті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz) 12 Окт 2020 в 2:10 PDT

Қазақстандықтар Нью-Йорктың басты алаңына жиналды. Олар қолдарына плакат пен Қазақстанның туын ұстап шықты. Одан бөлек, отандастарымыз қазақша өлеңдер айтып, домбырада ойнады. 

Еске салайық, фильм премьерасы 2020 жылғы 23 қазанда Amazon Prime-да - АҚШ президентін сайлау қарсаңында болады. Бірінші "Борат" 2006 жылы шыққан. Қазақстанда көрсетуге тыйым салынған. Егер екінші фильмді кинотеатрлардан көрсетпесе, тыйым сала алмайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная