16 қазан 2020 | 09:36

Ондаған қарағандылық келіншек сұлулық салонының құрбаны болды

Видео кадры

Ондаған қарағандылық келіншек сұлулық салонының құрбаны болды. Әйел адамдар арнайы процедураларға ақша төлеп, ақыры оны жасата алмады, - деп хабарлайды Astanatv.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ондаған қарағандылық келіншек сұлулық салонының құрбаны болды. Әйел адамдар арнайы процедураларға ақша төлеп, ақыры оны жасата алмады, - деп хабарлайды Astanatv.kz.

Телеарна мәліметінше, олардың көбі жасарту процестеріне банктен несие алған. Оның ішінде банктен 170 мың теңге несие алған Гүлжан Бекетова да бар. Артынша сұлулық салоны жабылып, ал иесі қаладан кетіп қалған. Гүлжан Бекетова салонмен келісім жүргізіп, барлық қызметтің ақшасын төлеп қойған. Бірақ студия аяқ астынан жабылып қалған. Гүлжан ақшасын сот арқылы қайтарып алмақ болған. 

Реклама
Реклама

"Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 атқарушы соты 2020 жылдың 19 ақпанында ол бізге қарыз екені туралы шешім қабылдады. Мына жерде бәрі жазылған. Кімге, қанша қайтаруы керегі туралы. Сот атқарушысы ештеңе істеген жоқ. Ол бізге қағаздарды қайтарып берді. Енді біз, 35 әйел осы қағаздарды алып, ештеңе істей алмай жүрміз", - дейді қарағандылық тұрғын Гүлжан Бекетова. 

Заңгер Жасұлан Айтмағамбетов жәбірленушілер бастапқыда полицияға бірден арыз жазу керек болғанын айтады.

"Жалпы біреу ақша алып, айтқанын орындамаса, ол алаяқтар болуы мүмкін. Іздеу жариялап, жағдайды бағалап, іс қозғау не қозғамау туралы шешім шығарылады", - дейді заңгер. 

Жәбірленушілер алдағы уақытта құқық қорғау органдарына жүгінбек. Олар сұлулық салонының басшысы басқа аймақтарда да салон ашып, оның "құрбандарының" саны көбейе ме деп қорқып отыр.   

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная