Оралда бұйрықты орындаудан бас тартқан үш сарбаз қамауға алынды

Оралда сап т?зеу кезінде командирді? б?йры?ын орындаудан бас тарт?ан шартты ?ызметтегі ?ш сарбаз жазаланды, - деп хабарлайды  "Мой ГОРОД".

Оралда сап түзеу кезінде командирдің бұйрығын орындаудан бас тартқан шартты қызметтегі үш сарбаз жазаланды, - деп хабарлайды  "Мой ГОРОД".

БҚО сотының баспасөз өкілдерінің мәліметінше, әкімшілік құқық бұзушылықтар хаттамасына қарағанда, әскери бөлім сарбаздары жеке құрамның сап түзеуі кезінде командирдің "айнал" деген бұйрығын орындамаған. 

"Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы - "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 652-бабының 6-бөлігі", - деп хабарлады облыстық соттағылар. 

Реклама
Реклама

Ұсынылған материалдарды зерттеген сот үш әскери қызметшіні айыпты деп танып, әрқайсына 10 тәулікке қамау түріндегі жаза тағайындады. 

Қаулы күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама