Оралда "қытымыр" аялдама пайда болды

©Tolegen Shaikov

Орал қаласының тұрғыны Төлеген Шайықов өзінің Facebook-тегі парағына қалқандармен қоршалған аялдаманың видеосын орналастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Некрасов көшесіндегі бұл аялдама "Салық комитеті" деп аталады. Әлеуметтік желі қолданушысының сөзіне қарағанда, бірнеше апта бұрын аялдама қалқандармен қоршалды. Енді қоғамдық көлікке отырмақ болған жолаушылар айналып өтуге немесе қоршаудан секіруге мәжбүр. "Қытымыр" аялдама, әсіресе баласы бар әйелдер мен зейнеткерлерге қолайсыздық туғызып отыр. 

Шайықов өз видеосын "Оралдың ең қытымыр аялдамасы" деп атаған. Айта кету керек, Оралдың негізгі қоғамдық көлік бағыттары дәл осы аялдамаға тоқтап өтеді. 

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама