ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мамыр 2022 | 09:09
Оралдық студент жүкті әйелді көлікте босандырып алды
Оралдық студент жүкті әйелді көлік ішінде босандырып алды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралдық студент жүкті әйелді көлік ішінде босандырып алды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, "Жедел жәрдем" бригадасына қала маңындағы Деркөл ауылынан шақырту түскен. Көмекке асыққан санитар-студент жүкті келіншектің үйіне "Жедел жәрдем" бригадасымен 10 минутта жеткенімен, перзентханаға үлгермепті.
Жедел жәрдем бригадасының құрамында тәжірибе жинақтап жүрген студент толғағы күшейген келіншекті дереу босандырып алады, сәбидің кіндігін де өздері кесіпті. Бүгінде сәбидің денсаулығы жақсы, ертең перзентханадан шығарады.
"Менің тәжірибем жүріп жатқан кезде осындай көмекші болып жүргенімде үшінші босану бұл. Екеуі көлікте, біреуі үйде болған жағдай. Асықпай, өзіміздің қолдан келетін көмегімізді көрсетіп, барлығын алгоритм түрінде жүргіздік", - дейді студент Айсұлтан Нұрышев.
Өмірге келген қыз баланың салмағы 3 келі, бойы 52 сантиметр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также