Өскемен тұрғыны кәдесыйға арналған ақшамен сауда жасады

© Tengrinews.kz

Өскеменде криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен жас жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскеменнің 18 жастағы тұрғыны Виноградов көшесінде орналасқан гүл дүкендерінің бірінен раушан гүлін сатып алып, кәдесыйға арналған бес мың теңгелік купюра беріп кеткен. Бұдан кейін жас жігіт осы көшеде орналасқан дүңгіршектен шаурма сатып алады. Бұл жерде де ол кәдесыйға арналған бес мың теңгелік купюра беріп кетеді.

Ақшаның шынайы емес екенін білген сатушылар полицияға шағымданады. Жас жігіт ұсталды. Оның үстінен ҚР ҚК 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама