Өскемендік оқушы сатушысы жоқ дүкен ашты

Tengrinews TV кадры

Өскемендік оқушы сатушысы жоқ дүкен ашты, - деп хабарлайды Tengrinews TV

Оқушы мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің және ата-ана комитетінің рұқсатымен қазақ-түрік лицейінде сатушысы жоқ дүңгіршек ашыпты. Тоңазытқышқа түрлі тәттілер мен сусындар қойылған. Барлық тауардың құны жазылған. Балалар шоколад пен сусындарды алып, қорапқа қажетті сомасын тастап кетеді, ал қалдығын өздері тиындардың арасынан есептеп алады екен. 

Идея авторы Мұхамедияр Қадыров. Ол осылайша мектеп оқушыларының шыншылдығын және тәртібін дамытқысы келіпті. Бұл жоба үш ай бұрын бастау алды. Директор Жошкун Шабанның айтуынша, бастапқыда жарты ақша қайтпай қалыпты, бірақ қазір қорапта сома толықтай жиналған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, мұндай ерекше дүкендер Еуропаның кейбір елдерінде бар. Онда балаларға емес, ересек адамдарға да арналған дүкендер қызмет атқарып тұр.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама