26 тамыз 2020 09:04

Өз жалақысын білген тазалаушы әйел бастығын сотқа берді

Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда тазалаушы әйел өзінің нақты жалақысы туралы білген соң жұмыс берушісін сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тазалаушы әйел өзінің нақты жалақысы туралы білген соң жұмыс берушісін сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының мәліметі бойынша, әйел өзінің талап арызында 2013 жылдың қаңтарынан бастап "Ф" ЖШС-де тазалаушы болып жұмыс істегенін айтты. 2019 жылдың тамызында ол жақында жұмысқа қабылданған есепшіден оның қолына берілетін жалақы беріліп келген жалақыға сәйкес келмейтінін біледі. Ай сайын ол қолына 50 мың теңге алды, ал тізімдемеде 93 мың теңге сомасы көрсетілген. Ол жауапкерден жұмысы мен жалақысына қатысты ақпарат пен құжаттар беру туралы өтінішіне жауап ала алмаған, оны жұмыстан босату туралы өтінішке қол да қоймаған, сонымен қатар оның еңбек кітапшасын беруден бас тартыпты.

Реклама
Реклама

Сот талқылауы барысында тараптардан медиациялық келісім жасасу туралы жазбаша өтініш келіп түсті, оның шарттары бойынша талапкер жауапкерге қойылатын талап-арыздардан толық көлемде, бұдан әрі ешқандай талаптары болмай, ал жауапкер талап қоюшыға банк шотына аудара отырып, 400 мың теңге мөлшеріндегі соманы төлейді, сондай-ақ талапкердің еңбек кітапшасын сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

Сот келісімді медиация тәртібімен бекітті. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram