Өзбек жігіті сүйіктісіне гүлді эвакуатормен апарды

© Facebook.com

Ташкент тұрғыны сүйіктісіне "миллион раушан гүл" сыйлады. Үлкен гүл шоғын жеткізу үшін ол эвакуатор қолданды, - деп хабарлайды CA-news.org порталы.

Гүл шоғының суреті Facebook-тегі "Ташкент жүргізушілері" тобында жарияланды. Әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі жігітті ақшаны "желге ұшырғаны" үшін сөксе, кейбірі оның бұл әрекетін қолдап жатты. "Бұл оның өміріндегі ең бірінші және маңызды қадамы болар?! Бұл деген жақсы!", - деді олар.

Реклама
Реклама

Топтағы қолданушылардың бірі мұндай гүлдің құны 10 миллион сом (2 мың доллар шамасында) екенін айтты. Қолданушы оның бағасын гүл сатушылардан арнайы барып сұрағанын айтты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама