Пәкістанда бір минутта 51 қарбызды басымен жарған ер адам жұртты таңғалдырды

П?кістанды? спортшы 1 минут ішінде 51 ?арбызды басымен жарып, рекорд орнатты, деп хабарлады "Хабар 24".

Пәкістандық спортшы 1 минут ішінде 51 қарбызды басымен жарып, рекорд орнатты, деп хабарлады "Хабар 24".

Телеарнаның мәліметінше, 2011 жылы германиялық рекордшы Тафзи Ахмед осы уақыт ішінде 43 қарбызды жарған. Бұл жолы Насим оның рекордынан асып түсіп, 51 қарбызды басымен жарып тастады. Сонымен қатар, ол 60 секундта 281 грек жаңғағын қолымен шаққан.

Пәкістандық спортшының айтуынша, ол бұл рекордты орнату үшін ұзақ дайындалған.

Реклама
Реклама

"Әлемдік рекорд орнату үшін көп жаттығу керек. Мен бірнеше ай дайындалдым. Осылай өнер көрсетіп, рекорд орнату үшін біраз ақша жұмсау керек. Мен оны демеушілер мен мемлекеттің көмегінсіз жасадым", - деді ол. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама