Паркурдан әлем чемпионы Астана ғимараттарын бағындырып жүр

© Red Bull

Астана саяхаттап ж?рген ?лемдік де?гейдегі фриран ж?не паркур чемпионы Райан Дойлды? ?ыс?аметражды видеоролигі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астана саяхаттап жүрген әлемдік деңгейдегі фриран және паркур чемпионы Райан Дойлдың қысқаметражды видеоролигі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ұлыбританиялық азамат Астанада үш күн болды, елордалық шатырлардың беріктігін тексеріп көрді, жергілікті фриранерлермен танысты, өз тәжірибесімен бөлісіп Astana Energy жобасы үшін материал жинады. Astana Energy  видеожобасы заманауи Астананың фриран әлем чемпионының көзімен көрсетіледі. Қазақстанның астанасы жайдан-жай алынбаған, себебі соңғы 20 жыл ішінде салынған қаланың өзі энергияны бейнелейді. 

Реклама
Реклама

"Мен Астананың тез салынғанына тәнтімін. Бұл әдемілік маған шабыт берді. Осыдан 20 жыл бұрын мұндай таңғажайып ғимараттар болмады, мұнда адамдар жұмыс істеп өмір сүріп жатыр. Соларға қарап мен болашақтың осы елде екенін сеземін. Бұл қаланың энергиясы болашаққа сендіреді. Бірнеше уақыт өткеннен кейін қайта келіп, қалай өзгергенін көргім келеді. Мен паркур-қоғамдастықтарды көргім келеді. Жаттығу базасын салып, әлемдік аренада жеңімпаз бола алады ма? Оның іске асатынына толық сенімдімін", - деді Райан Дойл. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама