26 желтоқсан 2019 | 16:18

Павлодар облысы әкімінің портретін кім сатып алды?

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың портретін қалалық мәслихаттың депутаты сатып алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың портретін қалалық мәслихаттың депутаты сатып алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың портретін қайырымдылық аукционында сатылғаны хабарланды. Аукционнанда түсірілген сурет желіде жарияланды. Бейнежазба кадрларында кеш жүргізушілері - белгілі КВН-шілер Тұрсынбек Қабатов пен Ярослав Мелехин бір лот - әкім Болат Бақауовтың портретіне сауда-саттық өткізеді. Сауда-бағаны көтеру тәсілімен өткен. Видео суретке 28 миллион теңге ұсынылған сәтте үзіледі.

Реклама
Реклама

Кейінірек желіде тағы бір видео тарады, онда жүргізуші портретті сатып алушыға беріп жатқаны түсірілген. Видеодағы адам қалалық мәслихат депутаты Гнел Акопянға ұқсайды. Тілшімен сөйлесу кезінде депутат сатып алу дерегін растады және портретті ол 31 миллион теңгеге алғанын айтты. 

"Картинаны мен сатып алдым. Бұл қаражат мүгедектерге көмек ретінде жұмсалады. Оның кімнің портреті екені қаншалықты маңызды", - дейді Гнел Акопян.


Гнел Акопян. Сурет maslihat-pavlodar.gov.kz сайтынан

Сондай-ақ, ол Павлодар облысында жол жөндеу компаниясының директоры екенін растады. 

"Біз 28 жыл бойы нарықта жүрміз. Картинаны музейге сыйлағым келеді. Павлодарда жаңа музей ашылады", - деді ол. 

Аймақ әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет аукционның осы іс-шара аясында ұйымдастырылғанын атап өтті. Ол 31 миллион теңгеге әкімнің портретін сату туралы ақпаратты әзіл екенін айтты. 

"Бұл сурет үшін, менің ойымша, 700 мың теңге. Бұл әзіл шығар", - деп мәлімдеді ол портреттің кімге сатылғанын білмейтінін айтып.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная