ПОДЕЛИТЬСЯ
17 наурыз 2022 | 09:36
Павлодар тұрғыны пойызда болған ыңғайсыз жағдай үшін бес миллион теңге талап етті
Павлодар қаласының тұрғыны Елена Юрченко Нұр-Сұлтанға барған сапары кезінде болған ыңғайсыз жағдай үшін теміржолшылардан бес миллион теңге талап етті. Арбада отыратын бірінші топтағы мүгедек әйелдің айтуынша, вагонға кіруіне жолаушылар көмектескен, себебі пойызда арнайы көтергіш құрал болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар қаласының тұрғыны Елена Юрченко Нұр-Сұлтанға барған сапары кезінде болған ыңғайсыз жағдай үшін теміржолшылардан бес миллион теңге талап етті. Арбада отыратын бірінші топтағы мүгедек әйелдің айтуынша, вагонға кіруіне жолаушылар көмектескен, себебі пойызда арнайы көтергіш құрал болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарлық тұрғын талап арызын "Жолаушылар тасымалы" АҚ атына жіберіген. Оның айтуынша, былтыр мамырда Павлодардан Нұр-Сұлтанға және кері қайту сапарында мүгедектерге арналған вагондар арнайы көтергіштермен жабдықталмаған.
"Пойыз қызметкерлері вагон ескі екенін, олар ештеңе істей алмайтынын айтты. Бірақ мен билетті мүгедектерге арналған арнайы орынға сатып алғанмын. Көрші купеде менің қасымда көмекші әйел жүруі керек болған, бірақ оны басқа вагонға апарып тастады. Мені вагонға әржаққа қозғалып тұрған бұзылған құралмен кіргізді. Ал Нұр-Сұлтанда ешқандай құрал болмады. Мені жолаушылар түсірді", - дейді әйел адам.
Үйіне қайтар жолда жағдай қайталанған.
"Қатты қорқынышты болды. Арбамнан құлап түсемін деп қорықтым. Вагондағы купенің сапасы нашар. Жарық болмады, резеткі мен жолсерікті шақыратын батырма істемеді, есік жабылмайды. Қайтар жолда ыстық болды, ал кондиционер жұмыс істемеді", - дейді Юрченко.
Павлодарлық әйел "Жолаушылар тасымалы" компаниясында болған ыңғайсыз жағдайға прокуратураға да шағымданған. Тексерістен кейін заңбұзушылық анықталғаннан кейін әйел адам сотқа жүгінген. Істі Павлодардың қалалық соты қарап, артынша қаңтарда Нұр-Сұлтандағы Есіл аудандық сотына жберілген. 14 наурызда сот компания павлодарлық тұрғынға 200 мың теңге төлеуі туралы шешім шығарған.
Алайда әйел адам соттың шешімімен келіспей, оған қайтадан шағымданбақ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также