Павлодарда көлікті безендірген жүргізуші жауапқа тартылды

Видео кадры

Павлодарда көлікті безендірген такси жүргізушісіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда көлікті безендірген такси жүргізушісіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желі қолданушылары Instagram-да "Такси новогодняя елка" деген атаумен қаладағы таксопарктердің біріне тиесілі көліктің видеосын жүктеген.

Түрлі түсті жарықпен безендірілген көлік павлодарлықтарды бейжай қалдырмады. Алайда полиция заң бұзылғанын анықтаған.

Реклама
Реклама

"Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 590-бабыгың 5-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ол бойынша жүргізушіге 6 945 теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

"Біз қызметкеріміздің көлігін безендірдік. Кешке балаларға көлікпен барып, оларды мерекемен құттықтап, Жаңа жылға орай тәттілерді сыйлыққа бермек болдық. Алайда полиция көлікті безендіру талапқа сай келмейтінін айтты. Біз оны білген жоқпыз. Бүгін жарықты алып тастадық", - деді Павлодардағы таксопарк қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама