Павлодарда Mercedes-Benz бес биткоинге сатылып жатыр

© kolesa.kz

Жеке хабарландырулар сайтында авток?лікті? биткоинге сатылатыны туралы хабарландыру пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Хабарлама авторы Mercedes-Benz E 200 к?лігін сатылым?а ?ойыпты. К?лік Павлодар ?аласында т?р. 

Жеке хабарландырулар сайтында автокөліктің биткоинге сатылатыны туралы хабарландыру пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Хабарлама авторы Mercedes-Benz E 200 көлігін сатылымға қойыпты. Көлік Павлодар қаласында тұр. 

Көліктің құны көрсетілетін орында автор 7,3 миллион теңге деп жазған, алайда, сипаттамада көлікті сатып алудың қосымша шарттарын көрсеткен. 

Реклама
Реклама

"Арзанырақ көлікке айырбастаймын, үстіне ақша қосып берсе. 5 биткоинге сатамын", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, криптовалюта валюта деңгейі 4 000 мың доллар көлемінде. Сарапшылардың пікірінше, нарықтағылар Bitcoin бағасын 5000 долларға дейін апарады. 

Жақында Bitcoin криптовалюталарын қолма-қол ақшаға сатып алу терминалдарын Астана, Шымкент пен Бішкекте орнату жоспарланып отырғаны белгілі болды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама