24 қазан 2018 17:24

Павлодарлық ЖОО ректорының биі Қазнетті таңғалдырды

Видеодан алынған кадр

Skibidi стилінде билеген павлодарлық ЖОО ректорының биі Қазнетті таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Skibidi стилінде билеген павлодарлық ЖОО ректорының биі Қазнетті таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Skibidi Challenge стилінде түсірілген бидің видеосы Instagram желісінде жарияланды.

Реклама
Реклама

Видеодағы кадрлардан Павлодар Инновациялық Еуразия университетінің ректоры Марат Баяндиннің қызметтік көліктен шығып, билей бастағаны көрінеді. Ректор оқу орнының басты корпусына кіріп, әрі қарай өзінің кабинетіне барады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo) 23 Окт 2018 в 7:52 PDT

"Біраз сергіп қалдым. Енді студенттер кешіне баруға да болады деп ойлаймын. Сіздерді де шақырамын", - дейді Баяндин.

"Бұл идеяны біздің Инновациялық Еуразия университеті студенттердің өзін-өзі басқару бөлімінің белсенділері, әлеуметтік бастамалар бөлімінің жастары айтты. Мен олардың шығармашылығына баға бердім, - деп күледі Баяндин. - Студенттеріміздің бастамаларын үнемі қолдаймын, оларды түсініп, олармен бірге бір арнада болуға тырысамын. (...) Қазіргі уақытта Skibidi челленджі әлем бойынша танымалдылыққа ие болып жатыр", - дейді ЖОО ректоры.

Оның айтуынша, ролик бірінші дубльден-ақ түсірілген.


Марат Баяндиннің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған сурет

Айта кетейік, бұл ролик бір тәулікте 70 мыңнан аса көріілм жинаған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram