Полицейдің қайырымды ісі атыраулықтарды тәнті етті

Полицейді? ?айырымды ісі атыраулы?тарды т?нті етті. Т?ртіп са?шысы м?гедектер арбасында отыр?ан ер адамды базар?а жеткізіп сал?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейдің қайырымды ісі атыраулықтарды тәнті етті. Тәртіп сақшысы мүгедектер арбасында отырған ер адамды базарға жеткізіп салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ЖПП инспекторының қайырымды ісіне куә болдым. Балықшы ауданында шіліңгір ыстықта ер адам Қызы Әскер көшесімен мүгедектер арбасымен келе жатқан. Алдымда ЖПП машинасы келе жатқан, ол тоқтап, ішінен жас жігіт шықты, арбада отырған ер адамға жақындады да көтеріп, көлігіне салды, ал арбаны жүксалғышына қойды. Қайда жеткізетінін қарап отырдым. Ол оны Балықшыдағы базарға апарды. Рамазан айында қандай керемет. Жарайсың. Осындай жігіттер көп болсын! Осы әрекетіне алғыс айтқым келеді", - деп жазды куәгер Instagram желісіндегі zello_atyrau парақшасында суретті жариялай отырып.


© instagram.com/zello_atyrau

Реклама
Реклама

Полицейдің әрекетіне желі қолданушылары ризашылығын білдіріп, пікір жазып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама