17 наурыз 2020 | 16:25

Психолог жұрттың дәретхана қағазын жаппай сатып алу себебін түсіндірді

Видеодан алынған кадр. © Twitter.com/thandojo

Психолог жұрттың коронавирус кезінде жаппай дәретхана қағаздарын сатып алу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды SCMP.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Психолог жұрттың коронавирус кезінде жаппай дәретхана қағаздарын сатып алу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды SCMP.

Басылымның мәліметінше, бүгінде АҚШ, Жапония, Аустралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Исландия және Еуропаның тағы басқа елдерінде індет өршіп, халық медициналық маскалар мен азық-түлік өнімдерінен басқа, дәретхана қағаздарын да жаппай сатып алып жатыр.

Реклама
Реклама

Психологтың айтуынша, дүрбелеңнен дүрбелең туады.

"Адамдар - әлеуметтік тұлғалар, олар қауіпті кезеңдерде бір-біріне қарап, қалай әрекет ету керегін білмей қалады. Біреудің дүрбелеңге салынып, дүкеннен барлық затты алып жатқанын көрсеңіз, сіз де солай жасағыңыз келеді", - дейді психолог.

Оның айтуынша, бос қалған дүкендердің суретін көрген адам бірінші кезекте бірден дәретхана қағазын алу керек деп шешеді. Оның ойында тапшылық шынайы өмірдегі тапшылыққа әкеп соғады.

Осылайша, психологтың сөзіне қарағанда, олар жағдайды өз бақылауына алған сияқты болып, тынышталады.

Toilet paper fight... again... pic.twitter.com/fmQlBmjVNL

— Truth Wins (@TruthWi60348276) March 15, 2020

Stampede at Aldi in #Sydney's west as hundreds of customers flood the store and fight to get their hands on toilet paper amid national shortage pic.twitter.com/bx6d3Wtjbk

— Hans Solo (@thandojo) March 10, 2020

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная