Қарағандыда әкімдікті күте шаршаған ер адам жолдағы шұқырларды өзі бітей бастаған

Видеодан алынған кадр

?ара?анды ?аласыны? т?р?ыны ?кімдікті к?те шарша?аны соншалы?, к?ше жолдарында?ы ш??ырларды ?зі бітей баста?ан. Ер адамны? б?л ісін бай?а?ан к?лік ж?ргізушілері оны видео?а т?сіріп, бейнежазбаны shock_krg в Instagram пара?шасына ж?ктеген. 

Қарағанды қаласының тұрғыны әкімдікті күте шаршағаны соншалық, көше жолдарындағы шұқырларды өзі бітей бастаған. Ер адамның бұл ісін байқаған көлік жүргізушілері оны видеоға түсіріп, бейнежазбаны shock_krg в Instagram парақшасына жүктеген. 

Видеодан ер адамның ескі "Волга" маркалы көлігінен қаптағы құмды алып, Гоголь көшесіндегі шұқырға төккені байқалады. Ролик авторы қаптағы өңделген асфальт екенін айтады. 

Жүргізушілердің көпшілігі ер адамға ризашылығын білдіріп, мақтап жатты. Олардың сөзінше, шұқыр кішкентай болса да, жүргізушілер үшін ыңғайсыздық туғызатын. Ал кейбіреулер ер адам бұл бастамасы үшін жазалануы мүмкін екенін айтады. 

Реклама
Реклама

"Азамат екен, жарады, әйтпесе, барлығы жол жаман деп қыңқылдай береді! Әрбірің бір қаптан алып келіңдер, болды, ешқандай шұқыр болмайды", - деп жазыпты желі қолданушылардың бірі. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама