Қарсыласын күтпеген соққымен нокаутқа түсірген кикбоксшыны көрермендер сабап тастады

Ашу?а мінген бір топ к?рермен рингке шы?ып, Нидерландыдан келген кикбоксшы Мертел Гронхарт?а шабуыл жасады. Ал м?ны? алдында Гронхарт армян спортшысы Арут Григорянды нокаут?а т?сірген болатын. О?и?аны? видеосы NewsTubeClips YouTube-арнасында пайда болды.

Ашуға мінген бір топ көрермен рингке шығып, Нидерландыдан келген кикбоксшы Мертел Гронхартқа шабуыл жасады. Ал мұның алдында Гронхарт армян спортшысы Арут Григорянды нокаутқа түсірген болатын. Оқиғаның видеосы NewsTubeClips YouTube-арнасында пайда болды.

Болжам бойынша, жанкүйерлерге спортшының қарсыласына артынан шабуыл жасағаны ұнамаған. Григорян басына тіземен жасалған соққыдан кейін қорғанбай, өз бұрышына қарай бара жатқан. Төреші жекпе-жекті тоқтатпаған, сондықтан Нидерланды спортшысы оны ереже бойынша нокаутқа түсірген. 

Ал Желіде көптеген қолданушылар голланд спортшыны ұрып-соққан көрермендерді жақтап, Гронхарт қарсыласына құрметсіздік көрсетті деп отыр.

Реклама
Реклама

Видеоға қарағанда, жанкүйерлер оған бірнеше соққы жасаған. Оларды турнир ұйымдастырушылары мен күзетшілер тоқтатқан.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама