ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 мамыр 2018 12:38
Қатты ағыс кезінде Үлкен Алматы өзенінде ойнап жүрген балалардың видеосы таралды
Алматыда балалар ?атты жа?быр салдарынан пайда бол?ан а?ын кезінде ?лкен Алматы ?зені бойында ойна?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда балалар қатты жаңбыр салдарынан пайда болған ағын кезінде Үлкен Алматы өзені бойында ойнаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
13 мамырда түсірілген видеодағы кадрлардан су тасып жатқан өзен бойында ойнап отырған балаларды көруге болады. Ойынның ережесі бойынша, балалар өзен толқыны көтерілген кезде қоршаудан секіріп өтуге үлгеруі керек немесе сол күйі орнында отыра беруі керек екен.
Видео авторының айтуынша, ер адам сол кезде баласымен серуендеп жүрген. Тасып жатқан судың бойында ойнап жатқан балаларды көрген ер адам оларға ескерту жасаған, алайда олар ер адамның айтқанын құлақ аспаған.
Сондай-ақ, куәгер сол аумақта олардан басқа тағы балалардың ойнап жүргенін айтып өтті.
"Басқа балалар менің айтқанымды тыңдап, ескертуден кейін қауіпсіз жерге ойнауға кетті", - дейді жергілікті тұрғын.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу