Қазақстан әртістері Шереметьево әуежайында ресейлік жолаушыларды абдыратты

Видеодан алынған кадр

Astana Musical ?ртістері Шереметьево ?уежайында "К?зімні? ?арасы" ж?не "?аза?стан" ?нін орындап, жолаушыларды? к??ілін к?терді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Astana Musical әртістері Шереметьево әуежайында "Көзімнің қарасы" және "Қазақстан" әнін орындап, жолаушылардың көңілін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандықтар Париж, Брюссель, Вена, Канны, Берлинде болып, Еуропа бойынша гастрольдік турнені Москеуде аяқтаған. Astana Musical тобының директоры Олжас Ыбраевтың сөзінше, Шереметьево әуежайында рейс 30-40 минутқа кешіккен. 

"Отырғандардың көңілін көтермек болды. Отанын да сағынды. Екі апта гастрольдік турнеде болдық. Алдымен бәрі таңғалды. Сөзін білетіндер қосылып айтты. Білмейтіндер таңданып отырды. Тіпті ресейлік бір әйел Қазақстанда ең дарынды әртістер деп мақтады", - дейді Ыбраев. 

Реклама
Реклама

 

Оның сөзінше, турнеге Қазақстанның 70 әртісі қатысты. Бұл ұжым жастардан құралған, ең үлкені 25-те. 

"Жас театр. Биыл екінші маусымды аштық", - деп түсіндірді Astana Musical ұжымының әкімшілік директоры.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама