Қазақстанда Лионель Мессидің "сыңары" табылды

Қазақстанда Лионель Мессидің "сыңары" табылды ©Prosport-ru.tsn.ua

Қазақстанда Аргентина футболшысы Лионель Мессидің "сыңары" табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Вконтакте" желісіндегі "За тебя, Бәке" тобы жариялаған суретте Аргентина футбол құрамасы мен "Барселона" клубының жартылай қорғаушысы Мессиге ұқсайтын қазақ жігіті бейнеленген. Бұл суреттен жігіттің Мессидің командасы - "Барселона" футбол клубына жанкүйерлік ететінін байқауға болады. 

Әзірше оның аты-жөні белгісіз. Айта кетейік, Мессидің Ресейде тағы да бір "сыңары" бар. Оның да "Барсаның" жанкүйері екенін көруге болады.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, Лионель Месси - футболдан Аргентина құрамасының капитаны. Әлем біріншілігінің үздік ойыншысына берілетін "Алтын допты" төрт мәрте иеленген.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама