Қазақстандық электричкада би билеген жолсерік Желі қолданушыларын тәнті етті

видеодан үзінді

?аза?станды? электричкада би билеген жолсерік Желі ?олданушыларын т?нті етті. Видео Instagram желісіндегі ZTB_video паблигінде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандық электричкада би билеген жолсерік Желі қолданушыларын тәнті етті. Видео Instagram желісіндегі ZTB_video паблигінде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Кадрларда орта жастағы жолсерік болып қызмет ететін ер адам қазақстандық орындаушының әуеніне би билейді. 

Пікір қалдырушылардың айтуынша, ер адам Көкшетау-Астана электричкасында жұмыс істейді. Көңілі толған жолсерік, не балмұздақ сатушы (оқырмандардың пікірі бойынша) Желі қолданушыларына жағымды эмоция қалдырған. Көптеген қазақстандықтар оны бірден таныды. 

Реклама
Реклама

"Қанша жүрсем де осы кісіні әрдайым көремін. Әрқашан жүзі жайдары! Сәттілік", - деп жазды қолданушылардың бірі. 

"Оо, бұл біздің сатушы ғой бұрынғы. Атбасар-Астана электричкасы", - деп жазылған пікірлердің бірінде. 

"Ендігіде миллионер бишінің орнына биші жолсерік", - деп әзілдеді тағы бір пікір қалдырушы. 

30 минутта видеоны 22 мың рет қараған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама