Қазақстандық орындаушы Despacito әніне пародия жасады

Қазақстандық орындаушы Despacito әніне пародия жасады видеодан үзінді

?аза?станды? ?нші Шыныбек Рахмаш Despacito ?ніне пародия жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандық әнші Шыныбек Рахмаш Despacito әніне пародия жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Рахмаш өзі түсірген клипті Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Әнші әрі пародист бұл жолы Youtube желісінде ең көп қаралған атақты әнді орындады. 

Шыныбек Рахмаш әнді әр түрлі стильде және қазақстандық эстрада жұлдыздарының дауысымен келтірді. Видеоны бір тәуліктен аз уақыттың ішінде 70 мың рет қаралған. 

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, пуэрторикалық музыканттар Луис Фонси мен Дэдди Янкидің Despacito әніне түсірілген клипті Youtube желісінде жарты жылдың ішінде үш миллиардтан аса рет қаралған. Оның алдында рекорд Wiz Khalifa және Чарли Путаның See You Again әні тұрған еді. Ал ұзақ мерзім бойы, яғни бес жыл бойы рекордты қаралымды оңтүстіккореялық PSY Gangnam Style әнімен жинаған еді.  

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама