Қазақстандық стюардессалардың шетелдік пилотпен биі Желіде дау шығарды

Видеоның кадры

Instagram желісіндегі ztb_video пара?шасында ?аза?станды? стюардессаларды? шетелдік пилотпен Астана ?уежайында?ы Despacito композициясына би билегені т?сірілген видео жарияланды.

Instagram желісіндегі ztb_video парақшасында қазақстандық стюардессалардың шетелдік пилотпен Астана әуежайындағы Despacito композициясына би билегені түсірілген видео жарияланды.

"Стюардессы Air Astana в теме", - делінген роликтің сипаттамасында. Видеоның кадрларынан екі бортсеріктің ыңғайсыз күйге түскен пилотпен билеп жатады, бір кезде қыздардың бірі оның бас киімін алып, киіп алып, бетінен сүйеді. 

Өз кезегінде қолданушылар мұны талқылай бастады. Пікір білдіргендердің басым бөлігі көңіл-күйді көтерген стюардессаларға алғыс айтып жатса, кейбірі олардың әрекетін сөкті. 

Реклама
Реклама

"Оларды қазақ тіліне емес, би билеуді үйретеді. Ұлттық тасымалдаушының формасын киіп алып, осындай өзін осындай ерсі ұстайды. Мұндай ұятсыздау би билегенге, сыпайы болмай ма", - деп жазды қолданушылардың бірі. "Олар билеп жатса, мен ұялып тұрмын, пилоттың орнында болсам, қашып кетер едім", "Сұмдық, пилоттың әйелі бар болса ше?", "Қызметкерлерді әдепті сақтауға үйрету керек шығар, оның үстіне қызметтік киіммен", - деп жазды қалғандары. 

Алайда қыздардың биіне тамсанғандар көп болды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама