Қазақстандықтар мен америкалықтар көшеде ауырып қалған адамға қалай көмектеседі - эксперимент

Burn TV жобасының пранкерлері, қазақстандық студенттер әлеуметтік эксперимент жүргізді. Бұл жолы олар қазақстандықтар мен америкалықтардың көшеде ауырып қалған адамға қалай көмектесетінін тексеріп көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бұл эксперимент арқылы көше ортасында жағдайы нашарлаған адамға азаматтардың қалай қарайтынын тексеріп көрдік. Экспериментті Қазақстан мен АҚШ-та жүргіздік", - деді пранкерлердің бірі Бекболат Үменов.

Қазақстанда эксперимент Астана қаласында өткізілді. Көшеде жағдайы нашарлап қалған жігітке алғашында ешкім көмекке келмеді, дегенмен біртіндеп адамдар өзінің көмегін ұсына бастады. Дәл осындай эксперимент Нью-Йорк қаласында да өткізілді. Жоба авторларының айтуынша, тәжірибе нәтижесі оларды қатты таңғалдырған. Астанада жерде жатқан жігітке адамдар 20 секундтан артық жатуға мүмкіндік бермесе, Нью-Йоркта бір күнде үш қана адам келген.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама