Қол астындағы қызметкерін балағаттап, жұмыстан босатқан басшы жазаланды

видеодан үзінді

Таразда ж?мыстан босатыл?ан ?ызметкерге д?рекі с?йлеген басшы жазаланды Осы видео?а ?атысты ?ызметтік тергеу ж?ріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ?Р Мемлекеттік кірістер комитетіні? модернизация бас?армасыны? басшысы Жамбыл С?ра?анов?а сілтеме жасап. Оны? айтуынша, ?йел адам?а ?ата? с?гіс жариялан?ан.

Таразда жұмыстан босатылған қызметкерге дөрекі сөйлеген басшы жазаланды Осы видеоға қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің модернизация басқармасының басшысы Жамбыл Сұрағановқа сілтеме жасап. Оның айтуынша, әйел адамға қатаң сөгіс жарияланған.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, видеодағы оқиға 2017 жылы тамызда болған. 

"7 тамызда осы дерекке қатысты қызметтік тергеу аяқталды. Соның қорытысы бойынша, басшыға қатаң сөгіс жарияланды", - деді Сұрағанов. 

Реклама
Реклама

"Видеода, болжаммен, Жамбыл облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері. Осы орайда МКМ басшысының жарлығымен қызметтік тексеріс басталды. Сонымен қатар, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің әдеп бойынша құзырлы мекеменің бақылауында болады", - деді Сұрағанов. 

Айта кетейік, даулы видео 2017 жылы 1 қазанда әлеуметтік желіде тарады. 

Видеода қыз баланың басшысына келіп, жұмыстан неліктен босатылғаны жайлы сұрағанын байқауға болады. Қыздың айтуынша, ол еңбек демалысына шыққан кезде, заңсыз түрде жұмыстан босатылған. 

Мұны естіген басшының реакциясы күрт өзгерді

"Аузыңды жап! Сен маған не үшін шығарылғаныңды сұрамақпысың?! Сен көкжалқау, адамгершілік туралы маған айтпақшымысың! Мен сені қайдан көтеріп алғанымды ұмыттың ба? Сен осында отырып, ұйықтағаннан басқа ештеңе білмейтінсің. Жаз арызыңды. Сен сияқтыларды талай сындырған. Маған адамгершілік жайлы айтпайақ қой", - деді басшы. 

Айта кетейік, осы видео құзырлы органдарға тексерілуі үшін жіберілді.  

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама