Қымбат көліктермен Астана көшелерінде шоу ұйымдастырғандардың видеосы жарияланды

Видеодан алынған скриншот

Әлеуметтік желіде қымбат көліктермен елорда көшелерінде шоу ұйымдастырғандардың видеосы жарияланды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Қымбат көліктердің былайша топталғанына қарағанда, үйлену тойының кортежіне ұқсайды. Олар Қонаев көшесімен жүріп барады. "Гелендвагендердің" жүргізушілері өздерінің артқа қарап көлік жүргізе алатын "өнерлерін" көрсетті. Олар бірнеше рет жол апаты қаупін тудырып, жолдың қарсы бағытына шығып, жол ортасындағы жолақтарды басты.

Айта кетейік, жүргізушілердің бұл қылығы қолданушылардың наразылығын тудырды. Қазіргі таңда Астана ІІД Әкімшілік полиция басқармасы видеоны тексеріп жатыр. 

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама