Қызылордада белгілі Top Gear телешоуының түсірілімі өтіп жатыр

© FanSerials.tv

?ызылордада к?ліктер жайында?ы ?лыбританиялы? белгілі Top Gear телешоуыны? т?сірілімі басталды. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыс ?кіміні? ке?есшісі Артур Ны?метов хабарлады. 

Қызылордада көліктер жайындағы ұлыбританиялық белгілі Top Gear телешоуының түсірілімі басталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыс әкімінің кеңесшісі Артур Нығметов хабарлады. 

Түсірілім жарысқа ыңғайландырылып өзгертілген қалалық иподромда өтіп жатыр. Онда Top Gear сюжеті бойынша ескі Volvo, Mercedes және лондондық таксилер кеңестік ВАЗ-2106 көілктерімен жарысады. Жарысқа бағдарлама жүргізушілерінің бірі - жүргізуші-сынаушы Стиг қатысады.  

Реклама
Реклама

"Top Gear жігіттері өздерінің көрсетілімінде елімзідің кең даласын, бәйге мен ұлттық дастарханымызды көрсеткісі келеді. Жалпы айтқанда, қазақ мәдениетінің бар көрінісін. Сонымен бірге, бағдарламада түсірілімнің Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау кезінде өткені айтылатын болады", - дейді Нығметов.

Жергілікті билік жобаға барынша қолдау білдіріп жатқанын айта кетті ол. Top Gear түсірілімі Қызылордадан бөлек, Байқоңыр қаласында да өтеді деп жоспарланған. Бағдарлама BBC Two және BBC Two HD арналарында көрсетіледі. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама