Ресейде бір әйел шіркеуге тырдай жалаңаш келді

Ресейде бір әйел шіркеуге тырдай жалаңаш келді ©vk.com

Ресейдің Ханты-Мансий автономиялық округіндегі Нижневартовск қаласында тосын жайт болды. Siapress.ru басылымының хабарлауынша, жергілікті шіркеуге қолында сәбиі бар тырдай жалаңаш әйел келді. Әйел басына орамал таққан, бұл кезде Нижневартовскіде жерде қар жатыр, ауа температурасы 12 градусқа жуық аязды көрсетіп тұрған.

Өз әрекетін түсіндірмек болған әйелдің айтуынша, оны "дүлей күштер" торуылдап жүрген. Сол себепті шіркеуге жалаңаш келіпті. Шіркеудегілер жедел жәрдем мен полиция шақыртты. Әйел психиатриялық диспансерге, ал сәбиі ауруханаға жіберілді. Полицейлер болса, жергілікті тұрғынның бұл әрекетінен қылмыс белгісін таппады. Олардың айтуынша, әйел ешқандай заңды бұзған жоқ және бұрын полицияның есебіне тіркеуге алынбаған.

Шіркеуге келушілердің бірі әйелді видеоға түсіріп алған. Ролик әлеуметтік желілерде тарай бастады. 

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама