ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 наурыз 2016 14:10
Ресейде киіз үйлерден тұратын қонақүйлер ауылы ашылды
Ресейдің Нижегородская облысында киіз үйлерден тұратын ауыл-қонақ үй ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ресейлік блогер Анна Вингуртке сілтеме жасап.
"Бұл Қазақстан емес! Біз Нижегородская облысының Борский ауданынанбыз. Бұл шынымен де таңғажайып", - деп жазды ол. Аннаның айтуынша, Останкино ауылындағы киіз үйлерді Қазақстаннан келген Алексей және Павел есімді екі офицер құрған.
Жылы киіз үйлер киіз бен қамыс төсеніштен тұрғызылған. Киіз үйлердің ауданы 23 шаршы метр және 73 шаршы метр болатын түрлері бар.
Ауылға адамдар қазірдің өзінде түрлі кештер өткізіп, туристер де келіп жатыр екен.
© Анна Вингурт\facebook.com
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу