Риддерде алып аю демалушылардың тамағын көздерінше алып кеткен

Видеодан алынған кадр

Шы?ыс ?аза?стан облысында азы? іздеген аю Риддер ма?ында?ы тауда демалып жат?ан адамдар?а келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысында азық іздеген аю Риддер маңындағы тауда демалып жатқан адамдарға келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлер түсірген видеода аюдың жаюлы дастарханды иемденіп алғаны көрінеді. Ал адамдар орман жануарынан бірнеше метр жерде ғана тұр. Кейін аю адамдарға бір көз тастап, тамақ салынған пакетті алып, орманға беттеген. Бұл видео Instagram желісінде жарияланды. 

Видеоға қатысты желі қолданушылары демалушылардың шыдамдылығына таңырқады. "Осы жолы аман қалды", - деп жазыпты олардың бірі. Сонымен бірге, желі қолданушылары мұны қауіпті екенін жазған, өйткені аю адамға шабуылдауы мүмкін еді. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама