14 шілде 2015 16:46

Сабина Алтынбекованың сұлулығы талқыланған видео 3 миллион рет көрілді

© YouTube

Қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекованың сұлулығы талқыланған видео 3 миллион рет көрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны YouTube сайтында JustKiddingNews арнасы 2014 жылдың 29 шілдесінде жариялаған болатын. Kazakh Volleyball Player Is Too Beautiful To Play Volleyball ft. David So (Қазақстандық волейболшы қыз волейбол үшін тым сұлу) деген атаумен жүктелген видеода жүргізушілер танымал спортшы қыздың сыртқы келбетін талқылайды. Олар қыздың әдемілігі ойын жанкүйерлерінің назарын өзіне аудартатынын айтты. Сонымен қатар, жүргізушілер Сабина Алтынбекованың келбетін азиялықтарға да еуропалықтарға да ұқсатты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram