Сахнада Азамат Мұсағалиевке Ресей мен Қазақстанның бірін таңдау ұсынылды

Сахнада Азамат Мұсағалиевке Ресей мен Қазақстанның бірін таңдау ұсынылды

Ресейде туып-?скен этникалы? ?аза? Азамат М?са?алиевті? монологы ?аза?станды?тарды т?нті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейде туып-өскен этникалық қазақ Азамат Мұсағалиевтің монологы қазақстандықтарды тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада өткен Жазғы кубок ойындары кезінде Азамат Мұсағалиев командасына ойын Қазақстанда өтіп жатқандықтан беріле салуды ұсынды. "Мен қазақпын. Сондықтан кубок қазақтарда болғанын қалаймын", - деп мәлімдеді ол сахнада тұрып.

"Шатасып кеттім. Қазақстанға келсем, мен олар үшін орыспын, ал Ресейге барсам, не бурят не қалмақ, не якут... Мен қазақ боламын ба, жоқ па?" деп әзілдейді әзілкеш. 

Жарнама
Жарнама

Сосын өзі өнер көрсететін "Камызяки" командасы оған таңдау жасауды ұсынды: "Азамат, қазір сен 18 миллионға батыр бола аласың, бірақ 140 миллионға сатқын болып шығасың. Өзің шеш: Қазақстан ба, Ресей ме?!". 

"Бұлай болмайды! Бұлай деуге болмайды. Бала кезде әрбірімізден "Шешеңді жақсы көресің бе, әкеңді ме?" деп сұрайтын еді. Бұл бала үшін өте қиын сұрақ. Мен былай деп жауап берейін. Анамды қатты жақсы көремін, бірақ қаным әкемдікі", - деді әзілкеш.

Осы эфирден кейін әлеуметтік желі қолданушылары оған риза болысып, пікір жазып жатты.

Әзіл монологты 1 сағат 33-ші минутта тыңдай аласыздар:

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама