03 қазан 2017 11:23

"Сэби", "сибиз" және "сабич". Шетелдіктер ұсынылып отырған жаңа латын әліпбиіндегі қазақ сөздерін оқып көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скриншот Видеодан скриншот

Шетелдіктер ұсынылып отырған жаңа латын әліпбиіндегі қазақ сөздерін оқып көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетелдіктерге жасалған экспериментті Danny Y есімді қолданушы "Путешествие казаха" деген видеоблогында көрсетті. 


Шетелдіктер ұсынылып отырған жаңа латын әліпбиіндегі қазақ сөздерін оқып көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетелдіктерге жасалған экспериментті Danny Y есімді қолданушы "Путешествие казаха" деген видеоблогында көрсетті. 

Видеода шетелдік қыз-жігіттер бастапқыда қазақ сөздерін кирилл қарпімен, ал кейін латын қарпімен оқып көреді. Бір қызығы, олардың басым бөлігі латын қарпіндегі сөздерді оңай оқиды. Ал кирилл қарпіндегі сөздерді түсінбегенін, оқуға қиын екенін айтады.

"Жалпы айтқанда, шетелдіктердің басым бөлігі латын қарпіне көшуді қолдайды. Біріншіден, қазақстандықтардың өзіне латынға негізделген шет тілдерін меңгеруге оңай болады. Екіншіден, шетелдіктерге қазақ тілін оқу жеңіл. Үшіншіден, латынға көшу - заман талабымен болып отырған жағдай. Яғни жаһандану процесінде барлығымыз бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Латын қарпі - бәсекелестікке қабілетіміздің өсуіне ықпал ететін аспектілердің бірі", - дейді автор видео соңында. 

Еске салайық, биылғы 11 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдау өткен еді. Сол тыңдауда Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Оның айтуынша, жаңа нұсқада 25 әріп болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети