"Сен кімсің маған адамгершілік туралы айтатын!", - Таразда басшыны видеоға түсіріп алды

видеодан үзінді

?азнетте та?ы бір даулы видео пайда болды, онда бір мекемені? басшысы ж?мыстан босатыл?ан ?ызметкерге д?рекі с?йлегені т?сірілген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Видео ?леуметтік желіде тарап жатыр. 

Қазнетте тағы бір даулы видео пайда болды, онда бір мекеменің басшысы жұмыстан босатылған қызметкерге дөрекі сөйлегені түсірілген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. 

Видео авторларының айтуынша, осы оқиға Тараза қаласындағы мемлекеттік мекемелердің бірінде болған.  

Реклама
Реклама

Видеода қыз баланың басшысына келіп, жұмыстан неліктен босатылғаны жайлы сұрағанын байқауға болады. Қыздың айтуынша, ол еңбек демалысына шыққан кезде, заңсыз түрде жұмыстан босатылған. 

Мұны естіген басшының реакциясы күрт өзгерді. 

"Аузыңды жап! Сен маған не үшін шығарылғаныңды сұрамақпысың?! Сен көкжалқау, адамгершілік туралы маған айтпақшымысың! Мен сені қайдан көтеріп алғанымды ұмыттың ба? Сен осында отырып, ұйықтағаннан басқа ештеңе білмейтінсің. Жаз арызыңды. Сен сияқтыларды талай сындырған. Маған адамгершілік жайлы айтпайақ қой", - деді басшы. 

Айта кетейік, осы видео құзырлы органдарға тексерілуі үшін жіберілді.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама