Шешенстанда билеген ақтаулық боксшылардың видеосы Интернетте кеңінен тарап жатыр

Видеодан алынған кадр

Шешенстанда билеген а?таулы? боксшыларды? видеосы Интернетте ке?інен тарап жатыр, деп хабарлады Lada.kz.

Шешенстанда билеген ақтаулық боксшылардың видеосы Интернетте кеңінен тарап жатыр, деп хабарлады Lada.kz.

Роликтің басты кейіпкерлері ҚР спорт шеберлері, ақтаулық боксшылар Нұрлан Сабиров, Махмуд әл-Мұхаммед және Сұлтан Шаршов.

Реклама
Реклама

Видеодан боксшылардың лезгинка билеп жүргенін көруге болады. "Міне қазақтар қалай билейді! Жігіттер!", - деген дауыс кадр сыртынан естіледі. Ролик WhatsApp және әлеуметтік желілер арқылы тарап жатыр.

Маңғыстау облыстық бокс федерациясындағылардың айтуынша, видео жекпе-жектен кейін түсіріліпті. Кездесу Грозный қаласында өткен, оған бокстан Маңғыстау облысының және Шешенстанның құрамалары қатысқан.

"Кездесу нәтижесінде жолдастық жеңді. Біз бірнеше жылдан бері достық қарым-қатынастамыз. Олар бізге, біз оларға жарысқа барып тұрамыз. Бұл тәжірибе алмасу. Бауырластық қарым-қатынастамыз деп те айтуға болады. Алда қаншама жемісті еңбектер күтіп тұр. Ал біздің боксшылар әдемі жұдырықтасып қана қоймай, әдемі билей де алады", - деді төреші Руслан Бибуев.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама