Шымбұлаққа барар жолда қар барысы видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

Туристер Шымбұлақ шатқалында қар барысын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Туристер Шымбұлақ шатқалында қар барысын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде түнде Шымбұлақтан түсіп келе жатқан жолда түсірілген видео пайда болды. Видеода мысық тұқымдас жыртқыш жыраға өрмелеп бара жатқаны көрінеді. Туристер қар барысын байқағанын айтқан.

Реклама
Реклама

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі Шымбұлақ шатқалында түсірілген видеоға шынымен де, қар барысы түсірілгенін растады.

"Барыстың бұл аймақта жүруі тұяқты жануарлардың (елік, сібір ешкі және т.б.) қоныс аударуымен тікелей байланысты болуы мүмкін. Туристердің жыртқышты видеоға түсіруі сирек кездесетін оқиға және сәтті түсірілім", - деді комитет өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама